Қоғам игілігі үшін!

ҚХП депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Сейітжан Қарағанды облысындағы партия мүшелерімен және азаматтардың осал топтарымен жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Шара депутат-омбудсменнің сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге жасаған жұмыс сапары аясында өтті.

Жиында Кенжеғұл Сейітжан атап өткендей, мүгедектігі бар қазақстандықтардың өзекті мәселелері мен осы мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

«Іс-шараның басты мақсаты осы санаттағы адамдарға көмек көрсету саласында өзара әрекеттестік пен бірлескен шешімдерді іздеу болды», - деп түсіндірді ол.

1

Қарағандылықтар өз бастамаларын айтып, депутатты осы тақырыптағы жоспарларымен, жобаларымен таныстырды.

«Мұндай кездесулер болашақта қоғам игілігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын», - деп түйіндеді сөзін Кенжеғұл Сейітжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy