Облыстық филиал жыл қорытындысын шығарды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық филиалы 2023 жылғы жұмыс қорытындысын шығарып, 2024 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Актив алдында сөйлеген сөзінде филиал басшысы Төлеужан Жүндібаев ұйым ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында тиімді үгіт-насихат жұмыстарын атқарғанын, сондай-ақ өңірдің өзекті мәселелеріне арналған талдамалық жұмыстың табысты жүргізілгенін атап өтті.

ҚХП АОФ барлығы 507 іс-шара өткізді. Олардың 422 - үгіт-насихат және 85-і қоғамдық-саяси сипаттағы (халықпен кездесулер, партиялық бақылау, алқалы жиындар, партия билеттерін салтанатты тапсыру, қайырымдылық акциялары және т.б.) шаралар. Шелек ауылындағы жиналысты жергілікті «Жетісу» телеарнасы эфирге шығарып, филиал Adyrna youtube-арнасында және партиялық youtube-арнасында пікірталас жүргізді.

Халықпен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықта еңбек ету - біздің партияның басты басымдықтарының бірі болып табылады, - деп атап өтті Т.Жүндібаев.

Есептік онлайн жиналыста филиал алдына қойылған алдағы жылға арналған жоспарлар мен міндеттер таныстырылды. Сондай-ақ, ҚХП АОФ басшысы белсенділердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында Жүндібаев жерлестерін ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың атынан ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy