Қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық күшеюде

«Халық Аманаты» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Әсіресе аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балаларға басымдық берілген. Осы бағытта партияның өңірлік филиалдары арнайы мекемелермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюда.

Шымкент қалалық филиалы ерекше білім беруді қажет ететін, оның ішінде АСБ бар балаларды қолдайтын бірнеше ұйыммен меморандум жасасты. Кездесу барысында Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты психологиялық-педагогикалық түзету орталығы, «Amazing kids» балаларды түзету орталығы және ерекше балалардың ата-аналары бірлестігі – «ОРДА» ұйымының өкілдері ерекше балалардың білімге, медициналық және әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Жиналғандар күш біріктіріп, ерекше балаларды қоғамға интеграциялау үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

2

Маңғыстау облысында партия жанындағы «Халық кеңесі» ата-аналар және ерекше балалар мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге келді. Олардың қатарында «Ана махаббаты» қоғамдық қоры, Маңғыстау паралимпиадалық спорт федерациясы – «Бочча» және өзге де ұйымдар бар.

3

4

– Ынтымақтастықтың мақсаты – өңірлік деңгейде ерекше қажеттіліктері бар балаларға, оның ішінде АСБ бар балаларға арналған инклюзивті, қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ету. Алдағы уақытта озық тәжірибелермен алмасып, бірлескен бастамаларды іске асыру жоспарда бар, – деді партия өкілдері.

5

Алматы облыстық филиалы Қонаев қаласында мүгедектердің «Қамқор Жүрек» қоғамдық бірлестігі және «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойды.

6

7

– Бұл құжат инклюзивті саясатты дамытуға және қоғамда теңдік пен ынтымақтастық идеяларын ілгерілетуге деген ортақ мүдденің нәтижесі болды, – деп қорытындылады меморандумға қатысушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy