Офицердің әйелі болу – асқақ мәртебе!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін көтерді.

– Мен сіздердің назарларыңызды әскери қызметшілердің жұбайларына аударғым келеді, - деп атап өтті Смирнова өз сөзінде. - Олар әскерилермен некеге тұрғаны үшін айыппұл төлейтін сияқты әсер қалдырады.

Егер бұрын отбасы мүшелері үшін әскери қалашықтарға орналастыру, жеңілдіктер, соның ішінде медициналық жеңілдіктер және т.б. көзделсе, қазір оның ешқайсысы жоқ. Жұбайларының артынан бір жерден екінші жерге көшкенде, олар қызметтік мансап бойынша өсу былай тұрсын, қарапайым жұмысқа орналаса алмайды, нәтижесінде біліктіліктерін жоғалтады. Ал тұрақты жұмыс болмаса, демек зейнетақы аударымдары да, тиісінше жинақтар да жоқ.

– Бұл әскери қызметшілердің жұбайларының құқықтарын бұзу, - деп есептейді ҚХП депутаты. - Біз осы санаттағы азаматтарды қалай қолдау керектігін ойластыруымыз керек. Бұл да өте маңызды мәселе.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Камалетдинов бұл мәселемен толық келісті. Ол жаңа заңнаманың қабылдануы нәтижесінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мемлекеттік жеңілдіктерден айрылғанын және шын мәнінде өздерінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік кепілдіктерінен айрылғанын атап өтті.

– Демек, Әлеуметтік Кодекс жобасын әзірлеген кезде барлық нормаларды бірге жинап, бейнелеп айтқанда, «түсік тастағандай лақтырып тастады», - деді Қорғаныс вице-министрі. - Уақыт өте келе біз бәрін де қайта қалпына келтіреміз деп үміттенемін.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy