ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар елордалық «La masia» футбол мектебінде болып, еңбек ұжымымен және оқушылардың ата-аналарымен кездесті. Іс-шара депутаттардың сайлаушылармен кездесу сапарлары шеңберінде өтті.
Бұған дейін мәжілісмен № 8 БЖСМ мемлекеттік олимпиадалық резерв мектебінде болған болатын. Бұл оған ұйымдарда енгізілетін жарақтандыру, даярлау, жаттығу және бағдарламалар деңгейін салыстыруға мүмкіндік берді. Бұл тақырыптың өзекті болатын себебі де бар, қазір Мәжіліс Дене шынықтыру және спорт туралы Заң жобасын қарауда.
– Біз түрлі тәжірибені зерттеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бастамаларды қалай қолдау керектігін түсінгіміз келеді, - деп атап өтті Ислам Сұңқар. - Осы кездесулердің қорытындысы бойынша депутаттар ақпаратты талдап, заң жобасына өз ұсыныстарын енгізетін болады.
Жекеменшік футбол мектептерінің негізгі проблемасы бейіндік инфрақұрылымның болмауы болып табылады. «Жекеменшік иелері» мемлекеттік мекемелердегі үй-жайларды жалға алуға мәжбүр. Бір жағынан - бұл нарық, бұл мемлекеттік мектептерге қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді, бұл жерде жалдау ақысының да ақылға қонымды шегі бар. Екінші жағынан, мұндай тәсіл спортшыларды маусымдық сабақтармен шектейді. Қажетті сапалы көгалы бар спорт алаңдары оларға тек жаз мезгілінде ғана қолжетімді болмақ, ал жаттығулар жыл бойы жасалуы қажет.
– Әңгіме футболшыларды кәсіби даярлауға бағытталған жүйелі жұмыс туралы болып отыр, - деп түсіндірді мәжілісмен. - Жекеменшік мектептерден шығып, олар кәсіби клубтардың ересек командаларына ауысады, ал мұнда алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл үшін жаттығу режимі өте маңызды.
«La masia» мектебі өз есебінен қажетті жабық манеж салуға дайын. Алайда елорда әкімдігі бұл үшін жер телімін әлі күнге бөле алмай отыр.
– Олар мемлекеттен ақша сұрамайды, ешқандай дотация сұрамайды, өздері инвестиция салуға және өз есебінен ойын алаңын жасауға дайын, бірақ неге екені белгісіз олар үшін жер жоқ, - деді таңданысын жасырмаған депутат.
Депутаттар заң жобасымен жұмыс барысында жекеменшік спорт мектептерін жүйелі қолдау мәселелерін де ескеруге ниетті.