Ойын бизнесі керек пе, жоқ па?

Қазақстанда ойын бизнесі болу керек пе, жоқ па? Болса, онда ол қандай? Лудомания толқыны халықты басып қалмас үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға Үкімет пен Парламент депутаттары жауап іздейді.

Бүгінде елімізде ойын бизнесі туралы заңнаманы жетілдіруге және оның келтіретін әлеуметтік және экономикалық зардабының алдын алуға бағытталған 3 заң жобасы әзірленді.

– Елімізде құмар ойындарға байланысты қылмыс жасау оқиғалары жиілеп кетті,-деп есептейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев. - Жылдам байлықты, жеңіл ақшаны уәде ететін әдемі жарнамалар, көптеген адамдарды несие мен қарызға белшеден батырады. Өкінішке қарай, дәл осындай жағдайлар көбіне суицидпен аяқталып жатады.

Тиісті заңды жасаушылар, ойын мекемелерін ұйымдастырып, оларға қызмет көрсеткені үшін (бұл онлайн ойындарға да қатысты) қылмыстық жауапкершілікті енгізуді, 25 жасқа дейінгі жастарды, сондай-ақ мерзімі өткен несиесі бар борышкерлерді ойынға жібермеуді ұсынып отыр. Республика аумағында тіркемеген шетелдік ойын кеңселерінің қызметіне рұқсат етілмейді. Казино, букмекерлік кеңселер және олардың әріптестері үшін стандартты жұмыс ережелері бекітіледі және оларға сыртқы жарнамаға, веб-сайттарда бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға және т.б. тыйым салынбақ.

Өз кезегінде ойын бизнес иелері шектен тыс шектеулер қою, құмар ойындардың жоғалып кетуіне әсері болмайды, тек жай ғана экономиканың көлеңкелі секторы болатынын алға тартады. Сол букмекерлік кеңселер еліміздегі спортты дамытумен қатар көптеген қоғамдық жұмыстарды атқаратып отыр көрінеді.

Ал, ҚХП атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ислам Сұңқардың айтуынша мұндай нәрселер негізсіз. Құмар ойындардың салдарынан отбасылар ойрандалып, адам өлімі болып жатыр.

– Құмар ойынға тәуелді бір адамды оңалту үшін кем дегенде 8 ай емдеу курсы қажет, - дейді мәжілісмен. – Ал оның бір айлық құны 350 мың теңге. Яғни, құмар ойындарға тәуелділіктен бір адамды емдеу құны, ойын бизнесі жасаған барлық әлеуметтік салымдардан әлдеқайда қымбат.

– Болашақ жаңа заң жобасын әзірлеуде жұмыс тобы ондағы күрдел мәселелерді егжей-тегжейлі талқыламақ.

– Құмар ойындарға әлі де шектеу шаралары қажет деп есептейміз, - деп қорытындылады сөзін Сұңқар. – Бұған барынша аз адам тартылуы үшін қандай да бір негіз болу керек. Ал адамдар ойын ойнауға бел буса, бұған өркениетті елдердегідей саналы түрде келер еді


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy