«Оқу – білім бұлағы»

Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалының өкілдері «Қайырымдылық керуені» («Караван добра») акциясы аясында еңбек ұжымдарымен кездесіп, олардың облыстық газет басылымдарына тегін жазылуына сеп болды.

Партиялықтар «Қарлығаш» балабақшасының, облыстық ЖИТС орталығының және «Инкарим» мектепке дейінгі академиясының ұжымдарын аралады. Сыйлық ретінде олар мекеме қызметкерлеріне «Орталық Қазақстан» газетіне жарты жылдық жазылым сертификаттарын табыс етті. ҚХП өкілдерінің пікірінше, барлық сандық технологияларға қарамастан, дәл осы газет-журнал секілді баспа өнімдерінде басылатын материалдар анық-қанығы тексерілген, объективті ақпарат болып табылады.

1

2

3

– Жергілікті газеттерде туған өлкеміздің жаңалықтары мен оқиғалары жарияланады, - деп атап өтті олар. - Жаһандану салдарынан біз соңғы кездері әлемде болып жатқан оқиғаларға көбірек қызығушылық танытып кеттік. Бірақ ең алдымен туған аулаңда, үйіңде, қалаңда не болып жатқанын білу керек.

ҚХП халықтың бастамаларын қолдайды және бүкіл ел бойынша еңбекшілердің құқықтарын қорғайды. Осындай сипаттағы, гуманитарлық бағыттағы акцияларды партия еліміздің барлық өңірлерінде өткізуге ниетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy