Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесті. Олардың диалогы барысында азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдау мен құқықтық қорғауға қатысты маңызды мәселелер қозғалды.
Кездесуге қатысушылар су тасқынынан зардап шеккен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету мәселелерін - оларды қорғау үшін министрлік қандай шаралар қабылдап жатқанын және алдағы уақытта қандай шаралар қабылданатынын талқылады. Светлана Жақыпова бұл салада көп жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
– Су басу аймақтарында қалған мүгедектігі бар адамдар МБА-ға арналған қолдау орталықтарына эвакуацияланды, - деп хабарлады Кенжеғұл Сейтжан. - Оларды денсаулығын жақсарту үшін мамандандырылған санаторийлерге орналастыру туралы мәселе қаралатын болады.
Омбудсмен әлеуметтік ведомство басшысымен алдағы күнге жасалған жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, ол өзіне сеніп тапсырылған саладағы стратегиялық бастамаларды үйлестіруге және іске асыруға арналған өзінің жобалық кеңсесі мен жол картасының таныстырылымы туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер әрбір азаматтың мүмкіндіктері тең болатын, құқықтары қорғалатын, неғұрлым әділетті де қамқор қоғам құру бағытындағы маңызды қадам болып табылады,- деп қорытындылады мәжілісмен. - Біз барлық отандастарымыздың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз.