Энергетиктердің жалақысын өсіру қажет

ЖЭО үшін – төмен, халық үшін – жоғары. Коммуналдық тариф мәселелері Қазақстанда, атап айтқанда Қонаев қаласында күні бүгінге дейін өзекті болып тұр. Инфрақұрылымды қолдау мәселелерін ЖЭО жұмысшыларымен Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова талқылады.

Мәжілісмен өңірлерге жұмыс сапары барысында аты аталған нысанға ат басын бұрды.

Депутат ең әуелі Қонаев қаласындағы ГЭС-ке аялдады. Бірегей станция өткен ғасырдың 60 - жылдарында салынған. Бүгінгі таңда нысанның тозу көрсеткіші 86% - ды құрап тұр. Алдағы жылдары станцияны қайта құру жоспарлануда.

И. Смирнова Қонаев ЖЭО-да да болды. Бұрын мұндағы қазандықтар мазутпен жұмыс істейтін, қазір газға ауыстырылған. ЖЭО жоспарлы жөндеуден өтті және алдағы жылыту маусымына дайын. Алайда кәсіпорын қызметкерлері төмен тариф пен халықтың төлеміне шағымданды.

– Мемлекет бізге ақша бөлмейді, біз тариф есебінен өмір сүріп жатырмыз, – дейді ЖЭО қызметкерлері. – Бүгінгі таңда тариф өте төмен және барлық шығынды өтемейді. Ал азаматтар төлем жасағысы келмейді.

Көппәтерлі үйлердің жекелеген тұрғындары төлем төлеуден жалтарады. Оларды жылудан ажыратып тастау мүмкін емес.

– Көрсетілген қызмет үшін азаматтардан дер кезінде ақша алуға мүмкіндік беретін тетікті ойластырып, пысықтау қажет, – деп атап өтті депутат И. Смирнова.

Кәсіпорын басшылығы алдын-ала төлеуге көшуге дайын, бірақ бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы. Сот процестері де нәтиже бермейді. Жеке сот орындаушылары сот шешімінің орындалуына қол жеткізе алмайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy