Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаты Кенжеғұл Сейітжан Атырау өңіріне жұмыс сапарын жалғастыруда. Мәжіліс депутаты «Болашақ» оңалту орталығына және Атырау облыстық мүгедектігі бар жандардың «Өмір гүлі» шығармашылық орталығына барды.
Проблемалық мәселелердің талқыланғанына қарамастан, өткізілген кездесулерден Кенжеғұл Сейітжан өте жағымды әсер алды.
– «Болашақ» орталығында біз қызметкерлердің кәсібилігіне және олардың пациенттерді оңалту және қалпына келтіру үшін жасаған жағдайларына таңданыстық, - деді депутат. - Орталық шын мәнінде адамдардың денсаулығы мен ертеңгі күнге деген сенімін қалпына келтіруге көмектесіп, үлкен іс атқаруда.
«Болашақ» есту және көру қабілетінің бұзылуынан бастап тірек-қимыл және ментальдық өзгерістерге дейінгі әр түрлі диагнозы бар ересектер мен балаларды оңалтумен айналысады. Пациенттермен дефектологтар, психологтар, нейропсихологтар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Оңалтуда барлық қолжетімді технологиялар, соның ішінде биоэнергетикалық массаж сияқты ең соңғы үлгідегі ем-шаралар пайдаланылады.
Екінші шара «Өмір гүлі» шығармашылық орталығында өтті. Мұнда шығармашылық арқылы оңалтудың өзіндіу ерекше әдіс-тәсілдері қолданылады. Сейітжанның пікірінше, мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін спорт, театр, мәдениет деген өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жүзеге асырудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Демек, мұндай орталықтар әрбір аудан орталығында, тіпті ауылда болуы тиіс.
– Шығармашылық деген мүгедектігі бар адамды әлеуметтік вакуумнан шығаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті депутат. - Көптеген талантты адамдардың бірігіп, бір-біріне шабыт беріп, қолдау көрсетіп жатқанын көру өте әсерлі болды. Мұндай жобалар бізге қажет.
Кездесуге қатысушылар «Инватакси» қызметіне, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, санитарлық-курорттық емделуге, инклюзивті білім беруге және т.б. қатысты көптеген проблемалық мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, ақыл-есі бұзылған адамдарды дискриминациялау және стигматизациялау тақырыбы қозғалды. Жаңа парламенттік сессияда Кенжеғұл Сейітжан Мәжіліс депутаты ғана емес, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде де осы мәселелерді талқылауға шығаруға ниетті екенін жеткізді.