Өңірлерде АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтар құрылды

dep.jpg

Астанада Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді. Мұндай құрылымдар қазір аймақтарда да құрылып жатыр. Бұған Қазақстан Халық партиясы белсене атсалысуда.

Жалпыхалықтық референдумда әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды. Штабтың мақсаты – халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды отандық атом энергетикасын қолдау идеясына жұмылдыру. Оған еліміздегі ең беделді әрі белсенді саяси-қоғамдық ұйымдардың өкілдері бірікті: Парламент пен мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, еңбек сіңірген мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ қоғам белсенділері. Павлодар обылысында да аймақтық штаб құрылып үлгерді. Онда штаб құрамына ҚХП атынан партиямыздың облыстық филиалының төрағасы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Илья Мухортов кірді. Штаб мүшелері мемлекеттің тұрақты дамуы мен ұлт болашағы жалпыхалықтық референдумда қабылданатын шешімге байланысты болады деп есептейді.

«Энергетика, физика және экология саласындағы мамандардың пікірлерін кеңінен тарату қажет. Референдумды қолдауға бағытталған түсіндіру жұмыстары барлық деңгейде және қарапайым тілде жүргізілуі керек, - деді партиялықтар.

Ал Түркістан облысындағы АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтың құрамында ҚХП жергілікті филиалының басшылары Зухра Қамбарова мен Ысқақ Ахметов бар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Халықтық штабтың құрамын СҚО ҚХП филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов пен орынбасары Болат Қожахметов, сондай-ақ филиал кеңесінің қатысушылары және оның қызметкерлері Дмитрий Василенко, Омари Харбедия, Азат Мұхамедин және Жанат Мұхамеджанов толықтырды.

Батыс Қазақстан облысында ҚХП жергілікті филиалының басшысы Борис Лаврентьев Халықтық штабқа мүше болды. Ал Қарағанды облысында өңірлік филиал басшысы Қалел Мақсұтов пен ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаты Анатолий Баранов штаб құрамына енді. Сонымен қатар, Ұлытау өңірінде ҚХП жергілікті филиалы төрағасының орынбасары Бақытбек Төрежанов, Балқаш қаласы бойынша партияның қалалық өкілдігінің төрағасы Қаныш Ысқақов штабқа кірді.

ҚХП Ақмола облыстық филиалының басшысы Арман Тастамбеков Ақмола Халықтық штабының мүшесі атанса, ҚХП Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әлия Мұрзағалиева Атыраудағы штабқа кірді. Ақтау қаласындағы Халықтық штабқа партия атынан жергілікті филиалдың жетекшілері Бауыржан Құрманғазин мен Марат Нұркеев қатысуда. Маңғыстауда бұл міндет Рәнида Балжановаға жүктелді.

Штаб мүшелері негізгі міндеті – ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу. 6 қазанға белгіленген АЭС құрылысына қатысты өтетін референдумға бір ай ғана қалды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy