Қазақстан Халық партиясының YouTube-арнасында өңірлердің апта ішіндегі ең өзекті жаңалықтарының кезекті шығарылымы жарық көрді. Толығырақ төмендегі сілтемеден көріңіз youtube.com/@Halyk_Partiyasy
Жаңалықтарға қысқаша шолу:
«Су астында қалған білім» - Өңірлердегі су тасқыны оқу процесін «су астында қалдырды». Оқушылар апат кезінде тоқтап қалған оқу кезеңін жазғы мектептерде толықтыра алады. Су тасқынынан зардап шеккен облыстардың оқушылары емтихан тапсыра ма? «Суға батпай қалқып шығу» - Халық тасқын апаты келтірген шығындарды есептеп жатыр.
«Бар әңгіме тазалық туралы» - Қазақстан Халық партиясы «Таза Өлке» экологиялық акциясына бастамашы болды. ҚХП филиалдары сенбіліктер өткізіп, саябақтар мен гүлзарларды көгалдандыруда, рекреациялық аймақтарды абаттандырып, қоқыстан тазалауда.
«ҚХП қайырымдылық керуені» - ел аймақтарында Қазақстан Халық партиясының «Қайырымдылық керуені» («Караван добра») атты тағы бір акциясы өтіп жатыр. Оның шеңберінде ҚХП облыстық филиалдары халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін білім беру, демалыс-мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруда. «Қалып ішінде көркем туынды » - ҚКП Қостанай облыстық филиалының өкілдері Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттеріне арналған тарихи-өлкетану мұражайының сурет галереясына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның басты мақсаты - жастарды туған өлкесі суретшілерінің шығармашылығымен таныстыру.
«Қайырымдылықтан қалыс қалмайық!» - ҚХП Алматы қалалық филиалы «Кохлеарлық имплантация» операциясын жасатқан, есту қабілеті бұзылған балаларды кинотеатрға апарды. Алматыға Қазақстан өңірлерінен келген балалар қазіргі уақытта оңалту курсынан өтуде. «Спортқа деген құмарлық» - Ақмола облысында ушу-саньда бойынша ашық чемпионат өтті. Оны жергілікті Ушу федерациясы мен ҚХП Ақмола филиалы ұйымдастырды.
Өңірлік ҚХП жаңалықтарын қараңыз! Оқиғалардан хабардар болыңыз!