Қазақстан Халық партиясы елдегі онкологиялық дерттің статистиканың өсуіне Үкімет назарын аударды. Партиядан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сүңқар аталған пролеманы көтеріп, депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ радиология бөлімшесінің рентгенологтары мен анестезиологтарына жұмыстың зияндылығын ескеріп мерзімінен бұрын зейнетке шығуын ұсынды.
Мәжілісменнің айтуынша, елімізде онкологиялық аурулар соңғы 20 жылда 25% - ға көбйеген.
Сырқат ең көп таралған өңірлерге Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары жатқызылды. Бірақ бұл жерде экологияның теріс әсері ғана емес. Еліміздің көптеген өңірлерінде онкологиялық ауруларды диагностикалаудан өту және қажетті ем-домды уақтылы алу өте қиын.
ҚХП онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеуді күшейтуді, барлық өңірлерде диагностикалық жабдықтарды жаңғыртуды және радиология бөлімшесінің рентгенологтары мен анестезиологтары үшін өндірістің зияндылығын ескеріп, мерзімінен бұрын зейнетке шығу бойынша жеңілдіктерді қарастыруды ұсынады.