Онлайн оқу мойындалмады

dep.jpg

Парламент Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялады.

Әзірлеушілер атап өткендей, бұл Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының ғылыми дәрежелерін олардың аумағындағы еңбек көші-қоны шеңберінде тануды көздейді.

– Келісімге сәйкес ғылыми дәрежелер туралы құжаттар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы ұлттық тану рәсімдерінсіз танылады, - деп мәлімдеді олар. – Тек қана, мұндай құжаттардың иелері жұмысқа орналасқан мемлекетінде белгіленген ғылыми дәрежесі үшін үстемеақыға үміткер бола алмайды.

Құжатты талқылау барысында Қазақстан Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар қандай дипломдар толық мойындалатынын, ал қайсысы өз деңгейінде мойындалмайтынын нақтылады.

– Бұл келісімнің ережесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қызметін онлайн-форматта жүзеге асыратын тұлғаларға қолданыла ма? - деп сұрады ол.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мұндай жағдай Келісімде қарастырылмағанын айтты.

– Ол Қазақстан аумағындағы адамдарға ғана қатысты, - деп түсіндірді Нұрбек. - Онлайн форматта түрлі түйткілдер болуы мүмкін.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy