Оңтүстіктен солтүстікке

Қазақстан Халық партиясының депутаттары өңірлерге сапарын жалғастыруда. Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚХП парламенттік фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Успен ауданында болды.

Мәжіліс депутаты аудан әкімі Нұрболат Мақашев және мәслихат хатшысы Динара Байхановамен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында ауданның елді мекендеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, сондай-ақ халықтың көші-қонын реттеу бойынша заңнамаға енгізілген жаңалықтар, соның ішінде азаматтардың оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Магеррамов жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болды.

1

– Бұл кешен балалар мен ересектер үшін жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты. - Онда мүгедектігі бар жандарға барлық жағдай жасалғаны қуантады.

Мәжілісмен аудандық сотта өткен іс-шара барысында «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңның жаңалықтары туралы айтып берді. Успен аудандық электр станциясының басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесуде қатысушылар еліміздің коммуналдық инфрақұрылымын жөндеу мәселелерін талқылады. Отандық кәсіпкерлер де назардан тыс қалмады, депутат жергілікті аяқ киім тігу цехында болды.

– Кәсіпорынды, айтпақшы, Успен ауданына оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы бойынша келген жас жігіт ұйымдастырған, - деп нақтылады депутат.

4

Келесі бағыт Ковалевка ауылы болды, онда Магеррамовқа салынып жатқан тауарлы-сүт фермасы таныстырылды. Сондай-ақ, ол абаттандырылған үйлер мен ферма жұмысшыларына арналған жатақхананы аралап көрді.

– Ферма ІҚМ күтіміне адамның ауыр еңбегінің қатысуын азайтатын жаңа технологияларды ескере отырып салынуда, - деп түсіндірді құрылысшылар.

5

Фермадан кейін депутат жақында ғана елді мекеннің тарихында алғаш рет топырақ жолдың орнына асфальтталған жол салынған Тимирязевка ауылына барып қайтты. Сапар соңында Магеррамов жаңғыртылған Мәдениет үйіне барды. Жаңадан салынған мекеме кең әрі заманауи етіп жасалған, тіпті онда кітапханаға арналған үй-жай қарастырылған, сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де жағдай жасалған.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy