Үкімет еліміздегі орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жаңарту және сала қызметкерлерін қолдау шараларын қабылдау жөніндегі мәселелерді талқылады. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов атышулы "Семей орманы" резерватына жеке өзі барып, жергілікті орман қорғау қызметтерін қайта жарақтандыруды жалғастыруға уәде берді.
2023-2027 жылдарға арналған "Семей орманы" резерваты үшін материалды-техникалық жарақтандыруды кезең-кезеңімен нығайту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде былтыр жалпы сомасы жоспар шеңберінде резерват үшін жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 бірлік арнайы техника сатып алынды. Бұл тізімде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік машина және т.б. бар. Сонымен қатар, Үкімет қаулысына сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елдің орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері жалақыға 100%-ға дейін үстемеақы ала бастады.
– Орман алқаптарын сақтау мәселесі және өртке қарсы шараларды қабылдау біздің ерекше назарымызда болады. Мұндай апаттардың қайталануына жол беруге болмайды. Апаттың алдын алу шараларын қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде толықтай жүзеге асыру маңызды. Ол үшін біз резерватты жарақтандыруды жалғастырамыз, оның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнатамыз, – деді Үкімет басшысы.
Былтыр "Семей Орманы" резерватындағы өрт қайғылы оқиғамен аяқталды. Өртке қарсы күресте орман шаруашылығының 15 қызметкері қаза тапты. Қайғылы оқиға орман өртіне қарсы қызметтердегі жабдықтау жүйесінің кемшілігі көп екенін айқындап берді.
Қазақстан халық партиясы фракциясы бірнеше жылдан бері ТЖМ құрылымдарын барлық қажетті жабдықтармен және техникамен тиісінше қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп келеді. Депуттар бөлімшелердегі штат санын көбейту және орманшылар, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін нақты әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың зейнет жасын төмендету қажет екенін айтқан болатын. Сондай-ақ-ормандар мен тау бөктеріндегі өртке қарсы бекеттердің саны арттырып, нығайту, ТЖМ автопарктері мен арнайы техника парктерін жаңарту туралы да айтты.
– Өкінішке қарай, ТЖМ басшылығының ауысқанына қарамастан, бұл саладағы жағдай еш өзгеріссіз қалып отыр. Төмен жалақы және әлеуметтік кепілдіктердің болмауы адам өміріне жоғары қауіп-қатер төндіретін жауапты салада кадр тапшылығын туындатып отырғаны таңқаларлық емес, – деп қынжылыс білдірген еді Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан.