Өскемен-Алтай бағытындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі

Алтай аудандық мәслихатына Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған депутат Дидар Имамбаев Өскемен-Алтай бағыты бойынша жолаушылар тасымалын қалпына келтіру туралы бастама көтерді. Мәселені қысқаша қарастырғаннан кейін оң шешім қабылданды.

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Өскемен – Алтай бағытындағы көлік қозғалысы қалпына келтірілмек. Жолаушы билетінің құны 2700 теңге болады.

1

– Алдағы уақытта жеңілдетілген тарифтер енгізу, сондай-ақ Алтай өңірін жақын маңдағы ауылдармен байланыстыратын жаңа бағыттарды ашу жоспарлануда. Бұл облыс тұрғындары үшін көлік қолжетімділігін арттырады, – деп атап өтті аудандық мәслихат өкілдері.

2

ҚХП депутаты Дидар Имамбаев былтыр жыл соңында Алтай мәслихатына депутат болып сайланды. Жолаушылар тасымалының қайта жандануы оның жаңа қызмет жолындағы алғашқы жеңісі. Партия мүшесі инфрақұрылымның (оның ішінде көліктің) сапасын жақсартатын, тиісінше халықтың өмір сүру деңгейін көтеретін бастамаларды алдағы уақытта жүзеге асырмақ ниетте.

3


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy