Қазақстан Халық партиясы Қостанай облыстық филиалының өкілдері есірткі қылмысымен күресуге бағытталған акцияға қатысты.
«Біз есірткіге қарсымыз!» атты акция Рудный қаласында өтті. Оған жүзге жуық азамат: жастар, белсенділер, мектеп ұжымы, әкімдік пен жергілікті прокуратура қызметкерлері қатысты. Акцияның ресми ашылуынан соң жобаға қатысушылар қаладағы интернет арқылы есірткі саудасын және есірткі таратушы қызметін «закладчик» жарнамалайтын граффитилерді жасырып, бояуға кірісті. ҚХП филиалы науқанға ат салысу мақсатында өз тарапынан 30 бөтелке аэрозольді бояу берді.
«Мұндай шараларды өткізу халықты есірткі бизнесі мәселесінен шет қалмауға және есірткі қылмысымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады», - деп атап өтті партияның Қостанай облыстық филиалының белсендісі Ләйлә Бексейітова.