Отандық банктерде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптаспаған

Қазақстандық банктердің қызметі мүгедектігі бар клиенттер үшін қолжетімсіз деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан өңірлерге жұмыс сапары барысында.

Ол Атырауда облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевпен және таяуда тағайындалған қала әкімі Шәкір Кейкинмен кездесті. Депутат басшыларға ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін айтты. Оның сөзінше мүгедектігі бар адамдар үшін қаладағя имараттардың көпшілігі қолжетімсіз.

– Менің басты мақсаттарымның бірі-мүгедектігі бар азаматтар үшін күнделікті өмірде ешқандай кедергі болмайтындай жайлы орта құру, – деп атап өтті К Сейітжан. – Болашақта осы бвғытқа көбірек көңіл бөлуді сұраймын. Өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа үміттенемін.

Бұдан соң ҚХП депутаты Атырау қаласындағы екінші деңгейлі банктердің ғимараттарын аралап, олардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін тексерді. Каспий банктің, Халық банктің және Центркредит банктің филиалдары үмітті ақтамады.

– Мен барған банктердің ешқайсында шақыру түймесі жұмыс істемеді, – деп атап өтті мәжілісмен. – Тактильді жолдар толығымен аяқталмаған, пандустар стандартқа сай емес. Банкоматтарда нашар көретін және зағип жандарға арналған Брайль шрифтімен жазу жоқ, ал банкоматтар мен кассалардың биіктігі оның қызметін мүгедектер арбасындағы адамдардың пайдалануына мүмкіндік бермеді.

Халық банктің қызметкерлері ғана депутатқа кемшіліктерді түзетуге уәде берді.

Кенжеғұл Сейітжан жұмыс сапары аясындағы кездесуін ҚХП Атырау облыстық филиалында жалғастырды. Мұнда ол партия белсенділерімен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy