Отандық өндірісті қолдайық!

Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтары құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан сайлаушылармен кері байланыс орнату мақсатындағы Қарағанды облысына сапары аясында жұмыс кездесулерін жалғастыруда.

Сондай шаралардың бірі Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығында өтті. Мұнда мәжілісмен студенттермен және жастар саясаты саласында қызмет ететін мамандармен кездесті. Жиын барысында жиналғандар жас буынның өзекті мәселелерін талқыласа, Кенжеғұл Сейітжан көзі нашар көретін жан ретіндегі өмірлік тәжірибесін жиылған жұртшылықпен бөлісті.

1

2

3

Сондай-ақ депутат Қарағандыдағы арнайы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

«Кездесу барысында біз Орталықтың материалдық-техникалық жағдайымен, оның мамандарының жұмысымен таныстық, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, соның ішінде осы орталықтың қамқорлығындағыларға қатысты мәселелерді талқыладық», - деді Сейітжан.

4

9

5

6

Сонымен қатар депутат-омбудсмен ҚХП Қарағанды облыстық филиалының басшысы Қалел Мақсұтовпен және мәслихат депутаты Анатолий Барановпен бірге Қарағанды аяқ киім фабрикасында болып, отандық аяқ киім шығару өндірісімен танысты.

7

8

– Жаңа 2025 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады, – деді депутат. – Сондықтан мұндай кездесулер өте өзекті.

10

Кездесуде фабрика басшылығы аяқ киім тігетін табиғи материалдарды көрсетіп, өндірістің барлық кезеңдерін таныстырып, дайын өнімді қонақтарға мақтанышпен ұсынды.

11

«Біз тігіншілермен сөйлесіп, өндіріс алпауыттарына ғана емес, шаруа қожалықтарына да аяқ киім тігу мүмкіндігін талқыладық, өйткені мұндай қажеттілік бар», - деді Кенжеғұл Сейітжан кездесу қорытындысы бойынша. – Біз барлығымыз отандық өндірісті қолдап, шетелдік қымбат әрі көбіне сапасыз тауарларды сатып алмай, қазақстандық өнімге басымдық беруіміз керек.

12

13


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy