Отбасы, Парламент және халық билігі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында отбасылық құндылық, мәжіліс жұмысы және қазақстандықтардың саяси өмірге қатысу мәселелері жөнінде айтқандарына ерекше тоқталды.

Мәжілісменнің айтуынша, жауапты ата-ана болу идеясы қазір бұрынғыдан да өзекті.

«Баланың дамуында отбасы өте маңызды рөл атқарады. Цифрлық прогресс пен мәдениеттердің жаһандық интеграциясы жағдайында отбасының басты міндеті – баланы сыртқы күштердің зиянды, жат және қауіпті әсерінен қорғау», - деді депутат.

Отбасы балалардың тірегі, салт-дәстүр мен моральдық-этикалық ережелерінің қайнар көзі болса, мемлекеттің міндеті отбасыларға қолайлы жағдай туғызып, жан-жақты қолдау көрсету. Бұл қоғамның әл-ауқаты күшті болуының кепілі.

Сонымен қатар, депутат Мемлекет басшысының Мәжіліс пен еліміздің саяси партияларының жұмысына берген оң бағасы жөнінде де атап өтті.

«Бұл пікірдің мен үшін маңызы зор. Өйткені мен Парламентте жұмыс істеймін және ҚХП саяси партиясының өкілімін. Мәжіліс қабырғасында конструктивті пікірталастар өтіп, нақты шешімдер әзірленеді», - деп түсіндірді Магеррамов.

Мәжілісмен Тоқаевтың саяси реформаларында биліктің негізгі тармақтары арасында билікті дұрыс бөлу принципті мәнге ие болғанын, осылайша парламентшілерге демократияны дамыту және халықтың саяси процестерге қатысуы үшін негіз рөл жүктелгенін еске салды.

– Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізу, атом электр станциясын салу сияқты ірі ұлттық шешімдерді жалпыхалықтық талқылауға шығару қаншалықты тиімді екенін көріп отырмыз. Елімізде азаматтардың маңызды мәселелерге қатысуын одан әрі дамыта түсетін бірқатар мәселе барына сенімдімін, - деп атап өтті депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy