Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін жағажайда мерекелік демалыс ұйымдастырды. Шараға 80-ге жуық адам – балалар, олардың ата-аналары мен әжелері қатысты.
Қонақтар Ертіс өзенінің арғы бетіндегі «Ривьера» жағажайында серуендеп, суға шомылып, би билеп, көңіл көтерді. Ашық аспан астындағы белсенді демалыстан кейін қатысушылар киіз үйге жайғасып, дәмді түскі ас ішті. Палау, тәттілер мен түрлі дәмдерден құралған дастарқанды партияның облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанаты әзірледі.
Кездесу соңында жиналғандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді..
«Алтын-Бата» қоғамдық қоры ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалына алғыс айтты.
– Мұндай кездесулер адамдарға жылу сыйлап, қуаныш пен күш береді, – деді қор өкілдері.
Партия өкілдері өз кезегінде әлеуметтік осал топтарға жан-жақты көмек көрсетуге әрдайым дайын екендерін жеткізді. Соның ішінде осындай мерекелік іс-шаралар арқылы да қолдау жалғасатынын айтты.