Қауіпсіз демалыс – басты назарда

Қазақстан Халық партиясының Балқаш қалалық филиалының төрағасы Қаныш Ысқақ партияның жергілікті жастар қанатының белсенділерімен бірге Балқаш көлінің жағасында өткен рейдке қатысты. Іс-шараны қалалық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырды. Рейдке басқарма басшысы Бауыржан Арыстамбеков жетекшілік етсе, оған прокуратура қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер де атсалысты.

Рейдтің негізгі мақсаты – жағажайда демалушылардың суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауын қадағалау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, рейд барысында азаматтарға алкогольдік ішімдік ішпеу, арнайы белгіленген аумақтан тыс жерлерде суға түспеу, қауіпсіздік белгілерінен алшақ жерде жүзбеу секілді ережелер түсіндірілді.

1

2

– Қауіпсіздік ережелерін елемеу немесе оларды бұзу өте өкінішті жағдайларға, соның ішінде адам өліміне алып келуі мүмкін, – деп атап өтті партия өкілдері.

3


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy