Оқу жылының мерзімі қысқартыла ма?

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзартылған мерзімін шегергісі келмейтін секілді. Министр Ғани Бейсембаев бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданбағанын, ата-аналармен талқылау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

– Сарапшылар мен ғалымдар шешім қабылдады, – деп атап өтті министр. – Олар оқу жылын 36 аптаға ұзартуды, яғни 1 маусымға дейін жалғастыруды ұсынды.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан ең ұзақ демалатын елдердің қатарына кіреді. Қоғам министрліктің оқу жылының мерзімін ұзарту бастамасын қолдамады. Оқу жылын ұзарту оқу жоспарына қайшы келді, дәріс номиналды түрде өткізілді, оқушылар сабаққа қатыспады. Қазір ата-аналар қоғамының өкілдері сотқа талап-арыз дайындап жатыр. Олар оқу жылының аяқталу мерзімін 25 мамырға қайтарғысы келеді. Біз Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске сайланған депутат, бұрынғы педагог және мектеп директоры Ирина Смирновадан жағдайды түсіндіруді сұрадық.

– Қайталап айтайын, бұл авторитарлық еріктілердің алдын ала пысықтамаған шалажансар шешімі, – деді мәжілісмен. – Білім министрлігінің мақсаты не екені түсініксіз.

Депутат оқу мерзімін басқа елдердің стандартына сәйкестендірердің алдында оқушыларға жағдай жасау қажеттігі назарға алынуға тиіс еді деп санайды. Біздің министрлік сілтеме жасауды ұнататын Еуропада күніне 5 пәннен артық дәріс болмайды. Қазақстанда бір күнде 7-8 сабақ өтеді. Біздің оқушылар апатты жағдайдағы ғимараттарда, 2-3 ауысыммен оқитын мектептерде, ауа баптағышы жоқ сыныптарда білім алады.

– Оқушылардың жыл ортасындағы, үшінші тоқсаннан кейінгі бір апта демалысы да қысқартылып, төртінші тоқсан ұзартылды, – деп ашуланды.

И. Смирнова. – Жергілікті климаттық жағдай ескерілмеді, мектептердің күн ыстық уақытта дәріс беруге сай жабдықталмағаны назарға алынбады. Бұл шешімде ақылға қонымды ештеңе жоқ.

Мәжілісмен бұл бастама мектеп бітірушілердің денсаулығына кері әсер ететінін атап өтті.

– Мен сарапшылармен кездесуде болдым, – деді депутат. – Онда барлық адамдар министрліктің мүддесін қорғады, себебі барлығы гранттарға тәуелді. Ата-аналармен кездесуде олардың барлығы оқу жылының мерзімін ұзартуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтады. Министрлік кіммен кеңесетінін білмеймін!

И. Смирнова сот арқылы оқу жылының бұрынғы мерзімін қайтаруды қолдайды.

– Балаларға тәжірибе жасаудың қажеті жоқ, – деді ол. – Бұл жерде министрліктің субъективті шешімі емес, ғылыми шешім қабылдануы керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy