Оқушыларға орын тапшы

dep.jpg

ҚХП Түркістан облыстық филиалында «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға білім басқармасының құрылыс жөніндегі бас маманы Азамат Таңатаров, санитарлық-эпидемиология басқармасының бөлім басшысы Мерей Сыпабек, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен партия белсенділері қатысты.

ҚХП облыстық филиалының төрағасы Зухра Қамбарова тамыз айында өткен «Қауіпсіз мектеп» атты қоғамдық бақылау акциясы жөнінде айтып өтті. Акция аясында партия мүшелері өңірдегі білім беру мекемелерін тексерген болатын.

Белсенділер тексеру қорытындысын жергілікті атқарушы органдарға тапсырды. Комиссиялар анықтаған негізгі кемшіліктердің қатарында мектеп ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы және мектептердегі орын тапшылығы мәселесі болды.

«Аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сондай-ақ 300-ден астам білім ошағында жүргізілген жөндеу жұмыстарына мониторинг жасалды», - деп атап өтті Азамат Таңатаров.

Мектептердегі орын тапшылығы мәселесімен күресу мақсатында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy