Тасқа жазылған тарих

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдарының өкілдері Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш-тақталардың жағдайына мониторинг жүргізуде.

Жақында осындай шара Қызылорда облысында өтті. Партия өкілдерімен бірге іс-шараға Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының мамандары да қатысты.

1

2

– Қазір өңір бойынша мемлекет қорғауында 24 ескерткіш-белгі бар, – деп атап өтті мамандар.

Мониторинг барысында ескерткіштердің жағдайына қатысты айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ: олар тозбаған және жөндеуді қажет етпейді. Партия мүшелері бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Осыған ұқсас тексеру Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері тарапынан да жүргізілді. Партия өкілдері Петропавл қаласындағы Жеңіс саябағындағы Мемориалдық кешенді, 314-атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткішті, «Мәңгілік алау» мемориалын, Жеңіс саябағының Орталық аллеясындағы ескерткіш-мемориалды, сондай-ақ 1943 жылы Петропавл қаласындағы госпитальдерде жарақаттан қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті, Жеңістің 40 жылдығына орай қойылған Даңқ обелискін және басқа да ескерткіштерді аралап шықты.

– Облыс орталығында Ұлы Отан соғысына арналған «Мәңгілік алау» жауынгерлік Даңқ мемориалының аумағында қазіргі уақытта ескерткішті қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Монументтің сыртқы беті гранит плиталармен қапталуда, – деп нақтылады партиялықтар.

3

Эвакуациялық госпитальдерде қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткіш аздаған косметикалық жөндеуді және аумағын абаттандыруды қажет етеді. Ал Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған «Жеңіс саябағы» мемориалдық кешенінде жүргізілген мониторинг кезінде мүсін элементтерінің сынғаны және плиталардың зақымданғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша партия өкілдері алынған ақпаратты қала әкімдігіне жолдауды жоспарлап отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy