Паралимпиадалық спорт: заңнамалық өзгерістер және халықаралық ынтымақтастық

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясының өкілі, Президент жанындағы әлеуметтік осал топтардың құқығы жөніндегі уәкіл, кәсіби паравелошабандоз Кенжеғұл Сейтжан Астанаға арнайы сапармен келген Азия Паралимпиадалық комитетінің президенті Маджид Рашедпен кездесу өткізді.

Құрметті қонаққа Спорттық дайындық орталығына экскурсия ұйымдастырылып, сондай-ақ, Паралимпиадалық комитеттің бас хатшысы Олжас Ақпамбетов өз ұйымының қызметі туралы баяндады.

– Мәжіліс депутаты әрі Президент жанындағы омбудсмен ретінде мен параатлеттерге қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып өттім. Атап айтқанда, біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту мен қолдауға бағытталған "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға енгізілген өзгерістерді талқыладық, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан.

1

Келіссөздер ағылшын тілінде өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

– Ортақ күш-жігеріміз Қазақстандағы паралимпиадалық спортты жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін! – деп атап өтті Сейтжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy