Параспортшылар қашанғы назардан тыс қала бермек?

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы ҚР Туризм және спорт министрлігін паралимпиадалық спорт түрлерін қолдауға шақырды. Әзірге қазақстандық пара-спортшылардың үлкен жетістіктеріне қарамастан, сала дұрыс қаржыландырылмай отыр.

Паралимпиадашылардың мәселелерін ҚХП депутаты Ирина Смирнова көтерді.

«Еске сала кетейік, елімізге ең көп медаль алып келетіндер – пара-спортшылар. Онда бірде бір легионер жоқ. Барлығы да спортқа келген соң өз еңбегімен осындай нәтижелерге қол жеткізіп жатқан өз азаматтарымыз», - деп атап өтті депутат.

Бүгінде мемлекет тарапынан параспортқа дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Былтыр ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, пара велоспортшы Кенжеғұл Сейітжан IV Азия Паралимпиада ойындарына қатысты. Мемлекет шабандоздарды тіпті, қажетті көлікпен қамтамасыз ете алмады: отандық спортшылар мінген тандем велосипедін қолдан жасаған, яғни, туристік велосипедтерді дәнекерлеп қосу арқылы. Соған қарамастан қазақстандықтар жарыста қола медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық паралимпиадашылардың былтыр да, биыл да тарихи жеңістерге қол жеткізгенін жоққа шығарған жоқ.

«Иә, велосипедке қатысты мұндай жағдай болғаны рас. Бірақ содан кейін біз инвентарь сатып алдық. Алдағы уақытта инвентаризация мәселелерімен қатар, осы бағыттағы жаңа әдістермен жұмыс істейтін боламыз», - деді министр.

Бұған дейін ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейітжан да қазақ параспортын қаржыландыру мәселесін көтерген болатын. Оның айтуынша, соңғы бес жылда мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына 7,8 миллиард теңге, ал бұл санатқа жатпайтын спортшыларға 360 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

– Айырмашылық 45 есе! Сонымен қатар, пара-спортшыларымыз мемлекет тарапынан қолдаудың жоқтығына, салаға жауапты шенеуніктердің әрекетсізді сияқты мәселелердің бәріне қарамастан жеңіске жетті!», - деп атап өтті депутат-омбудсмен.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy