Партия қатары тағы да толықты

«Партиялық серпін» партиялық жобасы аясында Қазақстан Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы партияның жаңа мүшелеріне партия билетін табыстау рәсімін өткізді. Іс-шара Мамлютка қаласындағы Мәдениет орталығында өтті.

Шараға ҚХП аппаратының өкілдері, Мамлютка ауданы әкімдігі, қоғам белсенділері, партия мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.

ҚХП аппаратының жетекшісі Дамир Қабдешев жиналған қауымды құттықтап, сөз сөйледі. Ол партияның бағдарламалық мақсаттары мен стратегиялық бағыттарын баяндады.

2

1

1

– Қазақстан Халық партиясы – елінің тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың партиясы. Біздің партия әлеуметтік әділдікті қолдайды және халықтың мүддесін қорғайды, - деді Қабдешев.

2

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Қожахметов баяндама жасап, биыл жүзеге асырылып жатқан маңызды партиялық жобалар жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар СҚО Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері кеңесінің төрағасы Шамиль Шакиров өңірдегі бірқатар жүйелі мәселелерді атап өтті.

Кездесу патриоттық әндерден құралған концерттік бағдарламамен аяқталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy