Партия әлеуетін нығайту – ортақ мақсат

Қазақстан Халық партиясы филиалдар желісін кеңейтуді жалғастыруда. Жақында еліміздің оңтүстігіндегі Мақтаарал және Жетісай аудандарында ҚХП-ның аудандық өкілдіктері ресми түрде ашылды. Бұл филиалдарды белсенді өмірлік ұстанымы, қоғамдық қызметте тәжірибесі бар партия мүшесі Қалдархан Әлиев басқаратын болады.

«Бұл – халық мүддесін қорғау және қоғамның өзекті мәселелерін шешуді мақсат еткен азаматтар мен партия арасындағы диалогты нығайтудағы тағы бір қадам. Біздің басты міндетіміз – партия мен жергілікті халық арасындағы байланысты қамтамасыз ету, аудан тұрғындарын толғандырып отырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге көмектесу», - деп атап өтті жаңа басшы.

5

Мақтаарал және Жетісай аудандарының тұрғындарының өздері де ҚХП-ға қызығушылық танытып, қолдау білдірді.

1

«Бұл өкілдіктер аймақтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған ашық пікірталас, бастамалар мен ұсыныстар алаңына айналады», - деп есептейді олар. – Халықтың даусы естілуі керек!

Осы ретте Мақтаарал ауданында Қазақстан Халық партиясына жаңадан қосылған пікірлестерге салтанатты түрде партия билеттерін табыстау рәсімі өтті. Партия қатарына жергілікті диқандар, кәсіпкерлер, азаматтық белсенділер өкілдері қосылды.

1

2

3

4

«Бұл адамдар күн сайын өз аймағының игілігі үшін еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласын дамытып, жұмыс орындарын ашып, облыс экономикасына қомақты үлес қосуда. Қазір олар ортақ мақсатқа жету үшін біріккен үлкен партиялық құрылымымыздың бір бөлігіне айналды. Ел мен халықтың игілігі үшін қызмет етуге дайын жандарға Халықтық партияның есігі қашанда ашық! Біз бірге үлкен жетістікке жетеміз!», - деді ҚХП Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Оразханов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy