Партиялық серпін: «ҚХП» қатары жаңа мүшелермен толығуда

«Партиялық серпін» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясына болашақ серіктестерді тарту жұмысы белсенді жүргізілуде. ҚХП-ның өңірлердегі ақпараттық жұмыстары оң нәтиже беріп, партияға қосылғысы келетіндер саны артып келеді. Қатысушылар қатары әртүрлі: бюджеттік сала қызметкерлері, жұмысшылар, кеңсе мамандары, жастар және т.б.

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Петропавл қаласындағы SENS FASHION тігін кәсіпорнында партия билетін салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді.

1

– Кәсіпорын ұжымы әлеуметтік әділет пен теңдік принциптеріне негізделген ел дамуына өз үлестерін қосуды қалайды. Бұл іс-шара еңбек ұжымының жоғары азаматтық белсенділігін және саяси санасының артқанын көрсетті, – деп атап өтті партия мүшелері.

2

Қазақстан Халық партиясы үшін еңбек адамы – сенімді тірек. Сол себепті өндіріс орнында партия билеттерін табыстау партия мен халық арасындағы байланыстың нығайғанының жарқын көрінісі болды.

3

– Партиялық билет – жай ғана мүшелік белгі емес, ол – ел болашағы үшін жауапкершілікті сезіну нышаны, – дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Жетісу облысында да ҚХП-ға деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Бұрын бейсаяси деп саналатын жастардың өзі партия қатарына қосылып жатыр. Өңірлік филиалда партия билеттерін табыстау шаралары тұрақты түрде өткізіледі.

4

– Бұл – халықтың партия ұсынған идеялар мен бастамаларға деген сенімінің артқанын білдіреді. Ең қуантарлығы – біздің қатарымызға жастар белсенді қосылып жатыр, – дейді ҚХП өкілдері.

5

Ақмола облысы Атбасар ауданында да бастауыш партия ұйымы (БПҰ) аясында партия билеттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Бұл бастаманы негізінен еңбек адамдары қолға алған. Атбасар аудандық мәслихатының ҚХП атынан сайланған депутаты Игорь Трофименко мен БПҰ төрағасы Сәбит Наукенов жаңа мүшелерге билеттерді өз қолдарымен тапсырып, олардың таңдауы мен азаматтық белсенділігін жоғары бағалады.

6

7

8

9

– Жұмысшы мамандықтар жылы аясында теміржолшылар сияқты жұмысшы мамандық иелерінің партия қатарына қосылуы – біз үшін ерекше мақтаныш. Бұл Қазақстан Халық партиясының – еңбек, даму және нақты істер партиясы екенін тағы бір мәрте дәлелдейді! – деді партия мүшелері


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy