Павлодар белсенділері құмар ойындарын жарнамалауға тыйым салуды ұсынды

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске сайланған депутат Ислам Сұңқар бірқатар кездесу өткізді.

Депутат Павлодар облыстық адвокаттар алқасының басшылығымен жүздесті. Қатысушылар Қазақстанда Адвокаттық иммунитет жүйесін енгізуді ұсынды.

Қазір, өкінішке қарай, қылмыстық қудалау қорғаушыларға қарсы қолайлы қаруға айналды. Тағы бір жүйелі бұзушылық – қылмыстық іс бойынша адвокаттардан куәгер ретінде жауап алынады. Заңнамада мұндай шараларға тікелей тыйым салынғанымен, құқық қорғау органдары осы нормаларды айналып өту үшін сылтау табады. Сонымен қатар қорғаушылар прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға барған кезде тексерілетіндеріне сондай-ақ іс материалдарына тың дерек пен дәлел қосу жөніндегі өтініштері қанағаттандырылмайтынына шағымданды.

Өз кезегінде И. Сұңқар Парламент Мәжілісіндегі ҚКП фракциясының қызметін тілге тиек еттіг. – Біз қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында адвокаттардың қызметі туралы заң жобасына бастамашылық жасадық, – деді ол. – Біз заң үстемдігін және азаматтардың құқығын қорғауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірқатар кодекстерге түзету енгізуді жоспарлап отырмыз. Заң жобасы адвокаттық қызметтің тәуелсіздігіне кепілдік береді.

Бұдан кейін мәжілісмен Жастар бастамаларын дамыту орталығында болып, белсенді жастармен ой бөлісті. Кездесу сұрақ-жауап түріндегі ашық диалог негізінде ұйымдастырылды. Жастар ақпараттың қолжетімділігі мен сөз бостандығы, бюрократия мен лудоманиямен күрес, құмар ойындарын жарнамалауға тыйым салу, сондай-ақ мүгедектердің құқығын сақтау мен атеизм туралы заң жобасын қабылдау мүмкіндігі туралы мәселелерді көтерді.

– Еліміздегі осындай орталықтар жастарды қоғамдық өмірге жұмылдырады, – деді И. Сұңқар. – Сонымен қатар жастарға кәсіпкерлік және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сапар барысында депутат күзет агенттіктерінің өкілдерімен кездесіп, ҚХП бастамашылық жасаған күзет қызметі туралы заң жобасын талқылады. Сонымен қатар ол жергілікті кардиоорталық пен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында болды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy