Павлодар облысында 5 өрт сөндіру депосы жетіспейді

Кадрлар қартайып жатыр. Ауылда жұмыс істегісі келетін маман тапшы! Қазақстанда кеңінен танымал "Дипломмен – ауылға" үкіметтік бағдарламасының болмысы осындай. Қазақстан Халық партиясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Ислам Сұңқар Ақтоғай ауданының әкімшілігімен және тұрғындарымен кадр тапшылығы мәселесін талқылады.

Кездесу мәжілісменнің өңірлерге жұмыс сапары аясында өтті.

Көпжылдық бағдарламаның қысқаша мазмұны көңіл көншітпеді. Ауылдардағы дәрігер, мұғалім, ветеринар мамандардың жетіспеушілігі түбегейлі шешілмеді.

– Біз қандай мамандықты алсақ та, оған қажеттілік болады, – деді Ислам Сұңқар.

Өрт сөндіру қызметі де кадр тапшылығынан зардап шегіп отыр. Павлодар облысында 5 өрт сөндіру депосы жетіспейді. Бұл туралы мәжілісменге облыстық «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерімен кездесу барысында хабарланды. Жұмысшы персоналдың да, қызмет көрсетушінің де, оның ішінде өрт сөндіру машиналары жүргізушілері жетіспейді. Бұған мардымсыз жалақы мен әлеуметтік қорғаудың тиісті деңгейде болмауы бірден-бір себеп.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy