Павлодар облысында тауар өндірісін қалай көтеруге болады?

Қазақстан халық партиясының парламенттік фракциясы жұмыс сапармен Павлодар облысында болды. Мәжіліс депутаттары өңірде тұрғындармен, кәсіпкерлермен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен бірге осы шара аясында «Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасындағы салық саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

  • Мемлекет басшысы айтқандай, біз экономикалық модельді өзгертуіміз керек», - деп атап өтті ҚХП фракциясының жетекшісі, мәжілісмен Магеррам Магеррамов. – Бұрынғы экономика тұралап қалды, алға жылжу жоқ. Жағдайды жақсарту үшін нақты өндіріспен тікелей айналысатындармен байланыста болу керек.
  • Депутаттардың алғашқы кездесуі мұнай коксын шығаратын "УПНК - ПВ" ЖШС-де өтті. Серіктестік еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) шеңберінде жұмыс істейді, қазір онда 430 адам еңбек етеді. Бас инженер Иван Федоров қонақтарға өндірістік цехтарды аралап көрсетті.

–– Біз кәсіпорынның даму перспективаларын және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігін талқыладық, - деді Магеррамов сапар қорытындысы бойынша. - Бізге жуық арада шешуге болатын бірқатар мәселе келіп түсті. Кәсіпорынның экономикалық жағдайы да, аймақтың экономикалық әлеуеті де осы мәселелермен байланысты.

Осыдан соң, фракция басшысы Евгеньевка ауылына барып, онда «Левел-2020» ЖШС басшысы Ринат Апушевпен кездесті. Онда өңірдегі шаруа қожалықтарының мәселелері талқыланды. Соның бірі егіншілікке қажет жаңбырлатып су,аратын қондырғылардың жоқтығы сөз болды.

  • Жаңа ашылған шаруашылықтарға берілетін белгілі бір субсидиялар бар, сол арқылы мемлекет қолдауға дайын, - деді Апушев. – Бұл қаржыға басқа елдерден егінді жаңбырлатып суғаратын қондырғылар сатып алуға болады.

  • Қорытындылай келе, Магеррам Магеррамов алда атқарылатын көп жұмыс күтіп тұрғанын айтты.

  • Бізге көптеген орынды ұсыныстар түсті, - деп қорытындылады мәжілісмен көшпелі кездесуде. – Біз оны міндетті түрде Үкіметке жеткіземіз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy