Павлодардағы кеме жөндеу кәсіпорны қалпында қала ма?

dep.jpg

Павлодар әкімдігі кеме жөндеу кәсіпорнының орнына мектеп салу туралы пікірін өзгертті. Мұндай шешімнің Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттық сауалының нәтижесінде қабылданғаны анық.

ҚХП Павлодар облыстық филиалына жергілікті кеме жөндеу кәсіпорнының өкілдері өз мәселелерін айтып жүгінген болатын. Кемелерді жөндейтін кәсіпорынға қауіп төнді, қалалық әкімдік кәсіпорынның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып, сол жерге мектеп салуға шешім қабылдапты.

ҚХП парламенттік фракциясының депутаттары мәселеге жедел жауап берді. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ресми сауал жолдады.

– Павлодар облысы елдегі өзендегі жүк тасымалы сақталған жалғыз облыс болып табылады, - деп атап өтті Смирнова өз сөзінде. - Бұл ресурсты қирату емес, дамыту керек! Өзендегі жүк кеме қатынасының мүмкiндiктерiн елемеу және мемлекеттiк органдардың тасымалдаушылардың проблемаларын шешудi қаламауы осы саланың қирап кетуіне алып келуі мүмкін.

Өзен тасымалы - көлік логистикасының ең арзан және экологиялық таза түрі. Жұмыс істеп тұрғанына 14 жылдан асқан осы кеме жөндеу кәсіпорны жыл сайын кемінде 30 флот бірлігін жөндейді және өңірде кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ кәсіпорынның жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті бюджетке қомақты салық төлеп отырғанын да ескерген жөн.

– Біз мектеп салынғанын қолдаймыз! - деп атап өтті ҚХП фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов. - Бірақ өңірдегі бірегей кәсіпорынды жойып жіберіп, салуға болмайды.

Депутаттардың жан айқайы ескерусіз қалмады, алдын ала деректер бойынша, Павлодар әкімдігінің мәселені қайта қарап, мектеп құрылысына басқа аумақты бөлуге ниетті екені белгілі болды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy