Педагог мәртебесі – білім сапасының кепілі

Қазақстан Халық партиясы еліміздің өңірлерінде білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге арналған түрлі кездесулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер өткізіп жатыр. Оған азаматтық белсенділер, ұстаздар, мектеп басшылығының өкілдері және ата-аналар қауымы қатысуда. Бұл жұмыс партияның «Педагог мәртебесін көтеру – білім сапасын арттыру» атты жобасы аясында жүргізілуде.

Қостанай облыстық филиалы білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының қолдауымен осы тақырыпта диалог алаңын ұйымдастырды. Онда мемлекеттік органдардың өкілдері, жас мамандар, тәжірибелі ұстаздар мен ардагерлер бас қосып, өзекті мәселелерді талқылады. Көтерілген тақырыптар қатарында мұғалімдердің құқығы, кәсіби дамуы мен біліктілігін жетілдіру, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер болды. Жиын барысында сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың ұсыныстары мен бастамалары жинақталды. Бұл ұсыныстар алдағы нақты шараларды айқындауға негіз болмақ.

1

2

Абай облыстық филиалы да жергілікті педагогтар кәсіподағымен бірлесіп осындай жиын өткізді. Оларды Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестері де қолдады.

3

4

– «Педагог мәртебесін көтеру – білім сапасын арттыру» жобасының басты мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру. Біз бұл бастамамыз мұғалімдерге де, оқушыларға да пайдасын тигізіп, әлеуметтік түйткілдердің алдын алуға әрі елдегі білім деңгейін арттыруға сеп болады деп сенеміз, – дейді ұйымдастырушылар.

5

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy