Петроглифтерді сақтайық!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы еліміздің тарихи мұрасы - көне петроглифтерді сақтауға шақырады. Қазір олар бұзылып жатыр, ал көптеген қайталанбас суреттерді мәдени мұраны талқандаушы вандалдар аяусыз жойып жіберген.

Егер өзге елдер 5-10 петроглиф қана жазылған жартастарын әлемге әйгілеп, туристік көрікті орындарға айналдырып жатса, біз ондаған мың петроглифті лайықты түрде таныта алмай, құнды дүниемізді көрсете алмай, жанашырлықпен тиянақты қорғай да алмай келеміз. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мәлімдеді.

– Бұл аспан астындағы тас кітаптар, өткеннің мұрағаттары. Олардың құндылығы Ежелгі Мысыр папирустарынан немесе шумер сына жазулары жазылған саз тақтайшалардан бір мысқал да кем емес!-деді мәжілісмен. - Тіркеуге алынған 300-ден астам шоғырланған петроглифтердің көп бөлігі ішінара ғана зерттелген, цифрланбаған және күн өткен сайын мүжіліп, бұзылып бара жатыр.

Петроглифтері бар тастар Арқарлыда болған аянышты оқиғадағыдай, кез келген уақытта талқандалып, құрылысқа арналған қиыршық тасқа айналып, орнында тек тас пен құмның қоқыс алаңы ғана қалуы мүмкін. Мәдени мұраны бүлдіруші вандалдар мыңдаған жылдар бойы жасалған қасиетті тас ескерткіштерді бір-ақ күнде талқандап, ұрлап, қиратады.

– Мәдениет және туризм министрлігі шұғыл түрде әрекет жасап, петроглифтерді қорғап қалуы қажет!- деді И.Смирнова. - Жартастағы ғаажайып кескіндемелер – біздің тарихи мұрамыз, оларды ел азаматтарының бойында тарихты тану мен терең түсіну қасиеттерін қалыптастыру үшін, әсіресе, жастарды тәрбиелеу үшін, сонымен бірге туризмді дамыту үшін пайдалануға әбден болады және солай етуге тиістіміз. Мұны тек өткеннің ескерткіштерін сақтап қалғанда ғана жасай аламыз.

Қазақстан Халық партиясы петроглифтер мен археологияның басқа да нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру туралы мәселені заңды түрде шешуді және оларды нақты қорғау жүйесін құруды ұсынады. Мемлекеттік органдар ұлттық мұражай-қорықтар, мемлекеттік және жеке археопарктер, геопарктер, кіші қорықтар мен қаумалдар және т.б. желісін дамыту бойынша заңнамалық және практикалық қолдау көрсетуге тиіс. Қазақстан аумағындағы жасалмаған жерлердегі барлық археологиялық нысандарды есепке алу мен тіркеуді жолға қою керек, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында тәлім-тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар жүргізу керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy