Құқық үстемдігі маңызды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, Мәжіліс Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов қазақстандықтарды шешім қабылдауда қоғамдық пікірге емес, құқыққа басымдық беруге шақырды.

Мәжіліс депутаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған реформалар қоғамдық пікірдің әлеуметтік маңызын жаңа деңгейге көтергенін айтты.

– Бүгінде цифрландыру, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғам саяси және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуда, – деді Магеррамов.

Депутаттың пікірінше, бұл құбылыстың теріс жақтары да бар. Қоғамдық пікір кейде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған құқық бұзушыларға қатысты мәжбүрлі түрде сенім білдіру, олардың жазасын жеңілдетуге себеп болып отыр.

– Құқықтық тәртіпті қалыптастыру жолында біз заңды бұлжытпай орындауымыз керек. Азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін төмендетуге болмайды. Керісінше, біз құқық бұзушылыққа деген төзбеушілікті қалыптастыруымыз қажет, – деді депутат.

Депутат «Заң мен тәртіп» принципі осылай жүзеге асуы керек екенін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy