ҚХП депутаты Польша елшісімен кездесті

Қазақстан Халық партиясының Орталық аппаратының кеңсесінде Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михал Лабендамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде Қазақстан мен Польша студенттері арасындағы академиялық алмасу бағдарламаларын дамыту перспективаларын талқылады. Әңгіме аясында Қазақстандағы поляк диаспорасының қызметіне және оның ұлтаралық мәдени диалогты нығайтуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

1

Сонымен қатар, тараптар шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметін реттеу және олардың еліміздің заңнамалық алаңында ашық әрі айқын жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ҚХП парламенттік фракциясының бастамаларын да сөз етті.

2

– Қазақстанда кез келген құрылымның қызметі туралы халық шынайы әрі ашық ақпарат ала алуы үшін, олардың дереккөзін түсініп, салыстыра отырып баға беруіне мүмкіндік жасау мақсатында ұлттық заңнамада нақты белгілейтін тетік қажет деп санаймыз, – деді Ирина Смирнова.

3

Кездесу өзара сенім мен конструктивті диалог жағдайында өтті. Бұл – Қазақстан мен Польша арасындағы орнықты әрі прагматикалық қатынастарды дамытуға деген екі жақты мүдделіліктің айқын көрсеткіші.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy