Жолдау – нақты қадамдарға үндеу!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы еліміздің барлық өңірінде талқылануда. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарына ҚХП белсенді түрде атсалысуда.

Алдымен партия филиалдарының қызметкерлері мен белсенділері Мемлекет басшысының сөзін мұқият талдады.

– Біз Жолдаудың тікелей көрсетілімін ұжым болып тамашаладық. Бұл бастамаларды ашық талқылап, алдағы міндеттерді айқындауға жақсы мүмкіндік берді, – деді партия мүшелері.

Кейін Алматы қалалық филиалының өкілдері «LCI-MK» темір-бетон зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Онда Жолдауда айтылған стратегиялық бағыттар – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, Цифрлық кодексті жедел қабылдау, алдағы үш жылда Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ «Алатау-Сити» жобасы, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, екінші және үшінші АЭС салу жоспары талқыланды. Қатысушылар өндірісті жаңғырту, құрылыс саласына ЖИ мен цифрлық платформаларды енгізу, отандық кәсіпорындарды қолдау, бизнестің ұлттық трансформацияға белсене қатысуы аса маңызды екенін атап өтті.

1

4

– Мұндай кездесулер ҚХП-ның Президент Жолдауын жүзеге асыруға және әділетті, инновациялық әрі тұрақты болашақты құруға үлес қосып отырғанын көрсетеді, – деді партия өкілдері.

Сонымен қатар партия мүшелері «Caspian Beverage» компаниясының ұжымымен жүздесті. Бұл кәсіпорын алкогольсіз сусын өндіреді және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне, экспорттық әлеуетіне елеулі үлес қосып отыр. Жиын барысында өндірісте цифрлық платформалар мен ЖИ-ді қолдану, логистиканы жетілдіру, сапаны бақылауды автоматтандыру және экспортты кеңейту жолдары талқыланды.

2

Алматы облысындағы әріптестері Панфилов аудандық ауруханасының ұжымымен кездесті. Денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізудің аймақтық медициналық қызмет сапасын арттырудағы рөлі атап өтілді.

5

6

Абай облыстық филиалының өкілдері «Сат Транс» ЖШС қызметкерлерімен жолықты. Мұнда Жолдауда айтылған жаңа цифрлық бастамалар, қаржы жүйесін жаңғырту, еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті.

7

Маңғыстау облыстық филиалы №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігерлерімен кездесіп, Жолдаудың маңыздылығын түсіндірді. Медициналық қызметкерлер Жолдауды қолдайтындарын және онда қойылған міндеттердің Үкімет тарапынан орындалатынына сенім білдірді. Сондай-ақ «Болашақ» колледжінің ұжымымен де мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

8

9

ҚХП өкілі, Қосшы қалалық мәслихатының депутаты Шоқан Ибраев «Котельная АСИ» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ал Ұлытау облыстық филиалы Жезқазғандағы ШЖҚ «Жезқазған станциясы» бөлімшесінің ұжымымен пікірталас ұйымдастырды. Атырау облыстық филиалы да бірқатар кездесу өткізді: «QAZAQGAZ AIMAQ» өндірістік филиалында, «Атырау Жарық» ЖШС-де, «Атырау жылу желілері» ЖШС-де және «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-да.

10

11

12

13

14

15

16

17

– Жолдау бізге айқын белгі берді: формальды шешімдер кезеңі артта қалды, енді нақты әрекетке кірісетін уақыт жетті. Біз, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекетке әріптес болуға, бастамалардың орындалуын бақылауға және халықты диалогқа тартуға дайынбыз, – деді облыстық филиал төрайымы Балжан Досмұхамбетова.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy