Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне түзетулер енгізіледі

dep.jpg

Мәжілістің пленарлық отырысында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Қазіргі уақытта ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамовтың басшылығымен жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындап жатыр.

Депутат бірнеше рет атап өткендей, заң жобасы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін қалыптастыруға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталған.

– Негізгі жаңалықтардың бірі – алдын алу жұмыстарының бірыңғай қағидаларын бекіту, мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілеттіктерін анықтау, азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту, профилактика субъектілерінің санын арттыру. Сондай-ақ қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттерін кеңейтіп, оларды ынталандыру шаралары енгізіледі, - деді депутат.

Сонымен қатар, заң жобасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға виктимологиялық тәсіл енгізіледі, цифрлық платформалар бекітіледі, біріккен үйлестіру орталығы құрылып, әлеуметтік профилактиканың маңызы күшейтіледі.

– Заң жобасында жастар арасында және тәуекел топтарындағы осал азаматтар арасында құқық бұзушылықтардың ерте алдын алу ерекше назарға алынды. Бұл заң барлық профилактикалық қызметтің қатысушыларының іс-қимылдарын үйлестіруді жақсартады, бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігі үшін маңызды, - деп түсіндірді фракция басшысы.

Сонымен қатар, жұмыс тобы оған қатысты заңнамаларға түзетулер әзірлеуде.

– Мысалы, Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне түзетулер қарастырылды. Әрбір салыстырмалы кестедегі тармақ қызу пікірталас туғызды, - деді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy