Президент Жолдауы: Бағыт – айқын, мақсат – анық

dep.jpg Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы екінші отырысын өткізді. Күн тәртібіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауын негізге ала отырып, VIII шақырылымның II сессиясындағы депутаттардың жұмыс жоспарын түзу мәселесі қойылды.

Фракция басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың төрағалығымен өткен отырыста фракция мүшелері жоспарға түзету мен толықтыру енгізді.

– Фракция партия қойған міндеттерді орындауға және Президенттің Жолдауда жариялаған тапсырмаларын заңнамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысқа кірісуге дайын, – деді М. Магеррамов.

Бұған дейін БАҚ-қа берген сұхбаттарында ҚХП фракциясының басшысы Жолдаудың бағыты Халық партиясы іске асырып жатқан бағдарламамен үндесетінін атап өткен болатын.

– Біз сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырып, берген уәдемізді орындап жатырмыз. Бірқатар бастаманы жүзеге асырдық, алда атқаратын қыруар шаруа бар, – деді М. Магеррамов.

Парламент Мәжілісінің шамамен 100 күнге созылған I сессиясында ҚХП парламенттік фракциясы 4 заң жобасына бастамашылық жасап, заңдар мен кодекстерге 33 түзету енгізді және 26 депутаттық сауал жолдады. ҚХП депутаттары азаматтардың 503 өтінішін қарап, 809 сайлаушыны қабылдады. Сонымен қатар 4 дөңгелек үстел өткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy