Нақты іс пен жаңа көзқарас

dep.jpg

Партия заманауи әрі қоғам талабына сай болуы керек. Сонда ғана ол жұртшылықтың сеніміне ие бола алады. Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов очындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, тек «солшыл» ұстанымдарды алға тартып, абстрактілі мақсаттарды қуалау арқылы сайлаушының жүрегіне жол табу мүмкін емес. Халық сенімін нақты мақсаттармен ұштасқан мазмұнды, нәтижелі әрі жүйелі жұмыс қана қалыптастырады.

– Заманауи саяси партияның күші – уақытпен үндесе білуінде, халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени сұраныстарын дөп басып тануында. Осыны ескере отырып, партия өзінің басқару тәсілдерін жаңғыртып, өзгермелі кезеңге бейімделуі тиіс. Бұл ретте ол өз идеологиясынан бас тартпай-ақ, жаңа тарихи кезеңнің талаптарына сай келетін жұмыс формасын қалыптастыруы керек, - деді депутат.

Фракция жетекшісінің пікірінше, қазіргі саяси ахуал саясаткерлерден үйреншікті шеңберден шығып, тың идеяларды ұстана отырып, батыл әрекет етуге дайын болуды талап етеді.

– Ең бастысы – мақсатты айқындап, бүкіл күш-жігерімізді соған жұмылдыру. Қазақстан азаматтары өмірлік мүдделерін Қазақстан Халық партиясымен байланыстыра отырып, саяси көзқарасын жүзеге асыра алады, – деді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy