Қазақстандық велосипедшілер Тайландта қола жүлдеге ие болды

Паравелоспорттан Қазақстан құрамасы Тайландта өткен Азия чемпионатында 2 қола медаль жеңіп алды.

Жеке жарыста жүлделі 3 - орынды әйелдер арасында Жұлдыз Қайнарова мен Әйгерім Нұрғали иеленді. Ал С4 тобында ерлер арасындағы жарыста Павел Бабенко қола жүлдегер атанды.

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске сайланған депутат, «Қазақстан паравелоспорт федерациясы» РҚБ төрағасы Кенжеғұл Сейітжан да осы жарысқа қатысты. Ол 7 жыл паравелоспортпен айналысты. Оның 3 жылын кәсіби деңгейде өткізді. К. Сейітжан жеке жарыста 6 орын алды.

– Қабілет-қарымым жеткенше отандық паравелоспорттың қанат жаюына атсалыса беремін, – деді мәжілісмен.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy