ҚР Мәжілісі заң жобасын ресми түрде қабылдады.
«Іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатқа «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясы бастамашылық жасады. Жұмыс тобын ҚХП фракциясының жетекшісі, кәсіби заңгер және құқық магистрі депутат Магеррам Магеррамов басқарады.
– Біздің мақсатымыз – адвокаттар мен заң кеңесшілері қызметінің рөлін арттыру, олардың тәуелсіздігіне кепілдік жасау және сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қорғау үшін заңнамалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, – деп атап өтті мәжілісмен. Ұсынылған өзгерістер қазақстандықтарға көрсетілетін заң көмегінің сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс.
– Біз осы заң жобасы арқылы сот процестерінде қорғау және айыптау тарапының нақты бәсекелестігі мен теңдігін құруға ниеттіміз, – деп түйіндеді сөзін М. Магеррамов.