ҚХП депутаттары «Ұлттық қор – балаларға» жобасын талқылады

dep.jpg Мәжілісте Қазақстан Халық партиясының депутаттарының қатысуымен балаларға ҚР Ұлттық қорынан төленетін төлемдерді заңдастыратын заң жобасы қаралып жатыр.

Құжатты әзірлеушілер атап өткендей, жоба жас ұрпақты қолдауға бағытталған. Жас қазақстандықтар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған қаражат есебінен тұрмыс жағдайын жақсарта алады немесе оқу ақысын төлей алады.

– Бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталған қаражат Ұлттық қорда болады, ал Ұлттық банк оны инвестициялайды, – делінген заң жобасының қорытындысында. – Балаға 18 жасқа толғаннан соң қаражатты төлем ретінде талап ету құқығы беріледі.

Жинақты есепке алуды, игеруді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ), ал екінші деңгейлі банктер қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова заң жобасында «Бала құқығы туралы» заңға түзету енгізу көзделгенін атап өтті.

– Үкімет «Мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтарды, сондай-ақ төлемдерді есепке алуды қалыптастыру ережесін» бекітеді деп жоспарланған, – деп еске салды ол. – Өгеріс балалардың болашағына қатысты болғандықтан, келешекте жоғары заң шығарушы органның қатысуынсыз олардың мазмұнын өзгерту мүмкін болмауы керек.

Алайда Қаржы министрлігінің өкілдері заңға тәуелді актіні заңнамаға енгізу идеясын қолдамады. – Бір ғана талап бар – азамат 18 жастан кейін келіп, ақшасын алу үшін өтініш беруі керек, – деп атап өтті олар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy