ҚХП фракциясы атқарған жұмысы туралы есеп берді

dep.jpg ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррмов атап өткендей, партияның парламенттік фракциясы Мәжілісте көпшілікке ие болмаса да, мықтылығын көрсетті. Оның сөзінше, фракция мүшелері Қазақстан Халық партиясының саясатын тиісінше ілгерілетіп, қоғамның ең өзекті мәселелерін көтере білді.

– Фракция партияның саясатын ілгерілетеді, – деп атап өтті М. Магеррамов. – Біз сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Біз осыған дейін берген уәдемізді орындап жатырмыз. Алда атқаратын жұмыс көп.

М. Магеррамов депутаттардың қызметін егжей-тегжей баяндады.

Фракция мәжілісмендердің, министрліктер мен мемлекеттік орган өкілдерінің, сондай-ақ ҮЕҰ мен сарапшылардың қатысуымен 5 дөңгелек үстел ұйымдастырды. Депутаттар 105 іс-шараға қатысып, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Азаматтардың шағымы бойынша ҚазҰӨУ колледжіне барды. Мәселені күн тәртібіне қойып, көшпелі отырыс өткізді.

– Менің ойымша, қазір қалыптасқан жұмыс форматы партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың принципті ұстанымының нәтижесі, – деп атап өтті Магеррамов. – Біз жақсы көрсеткішке қол жеткізіп жатырмыз.

Фракция 4 заң жобасына бастамашы болды. (Қазіргі сессияда – 3, алдыңғы шақырылымда – 1). Бұдан бөлек ҚХП депутаттары жұмыс топтарына, Палата комитеттерінің отырыстарына және Мәжілістің жалпы отырыстарына белсенді қатысты. Фракция мүшелері 26 депутаттық сауал жолдады.

– Депутаттық сауал бір депутаттың пікірі емес, тұтас фракцияның ұстанымы, – деп нақтылады Магеррамов. – Әр депутаттық сауалдың соңында қажырлы еңбек пен ізденіс тұр.

ҚХП депутаттары Ислам Сұңқар, Ирина Смирнова, Гаухар Танашева және Кенжеғұл Сейітжан Мәжіліс комитеттеріндегі қызметі және партияның өңірлік филиалдарымен сындарлы ынтымақтастығы нақты нәтиже бергенін баяндады.

– Күзде жүзеге асыратын жоспарымыз бар, – деп атап өтті мәжілісмендер. – Өңірлер бізді қолдап, көмек көрсетеді деп үміттенеміз. Біз аймақтық деңгейде шешілмей жатқан мәселелерден хабардан болуымыз керек.

Айта кетейік, алдағы уақытта ҚХП депутаттары халықпен кездесу үшін өңірлерге аттанады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy