Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы «Кәсіподақ ұйымдары туралы» заңға түзету енгізуді ұсынды. Әзірлеушілер атап өткендей, құжат жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық құқығының кепілдігін нығайтуға бағытталған. Осы үшін тиісті саяси жағдай жасалған.
ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов атап өткендей, қазір қоғамдық ұйымдар саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамның түрлі топтарының мүддесін білдіреді.
– Ұсынылған заң жобасын қабылдасақ, кәсіби одақтар демократияның белсенді жақтаушы болады деп үміттенеміз, – деп нақтылады мәжілісмен. – Құжат еңбек адамын қоғамдық істі басқаруға және шешім қабылдау үдерісіне тартуға бағытталған.
Әзірлеушілер заң жобасы қолданыстағы еңбек заңнамасын жетілдіреді және кәсіподақ ұйымдарының көмегімен еңбек адамын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. Өзгеріс еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын сақтау, демалысты ұйымдастыру және т.б. мәселелерге қатысты болады.
– Заң кәсіподақтардың жұмысшылардың құқығын қорғау сияқты функциясының маңыздылығын арттырады, – деді М. Магеррамов. – Кәсіподақтар жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларда анағұрлым белсенді рөл атқаруы тиіс деп санаймыз.
Заң жобасы тұжырымдамалық аппаратқа нақтылау енгізеді, сонымен қатар кәсіподақ өкілдіктерінің нысанын кеңейтеді. – Заң жобасында тек еңбек қана емес, әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен өз өкілдерінің мүддесін қорғау құқығы беріледі, – деп атап өтті партия өкілдеріг. Жақында құжат Мәжіліс палатасына түседі.