ҚР Орталық сайлау комиссиясының құрылғанына 30 жыл

Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай Астанада «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, шет елдік сайлау органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері және дипломатиялық корпус мамандары жиналды.

Қазақстан Халық партиясы атынан конференцияға саяси ұйым Орталық аппараты Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдаулет Оразханов қатысты. Жарыссөз барысында конституциялық реформаға сәйкес сайлау жүйесін трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланды.

1

Соңғы конститутциялық реформаға сәйкес сайлау жүйесінің пропорционалдық-мажоритарлық моделі қолданысқа енгені, соның нәтижесінде Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізіммен, 30% жеке сайлауға қатысушылар негізде жасақталуы, аудан әкімдерін сайлау, өңір басшыларын тағайындамас бұрын облыстық мәслихат келісімін алу үшін балама кандиттар ұсыну мәселесі әңгімеге арқау болды.

Бұдан әрі конференция «Конституциялық реформа негізіндегі сайлау заңнамасының эволюциясы» және «Сайлау жүйелерін дамытудың өзекті трендтері» тақырыбында сессия жұмысымен жалғасты. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдық шежіресінен сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy