Қазақстан Халық партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек адамы» атты жаңа акция бастады. Бұл бастама жастарды кәсіптік бағдарлауға бағытталған, онда өз ісінің шеберлері студенттермен кездесіп, өмірлік тәжірибесін бөліседі.
ҚХП Павлодар облыстық филиалының белсенділері жергілікті қызмет көрсету және тамақтану колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, шараға мейрамхана бизнесінде көпжылдық тәжірибесі бар бас аспаз Айсұлу Баймағамбетованы арнайы қонақ ретінде шақырды. Іс-шараны ұйымдастыруда колледж директоры Гүлмира Шұғабаева жан-жақты қолдау көрсетті.
– Ел экономикасының дамуы үшін барлық жұмысшы мамандықтар маңызды, – деді Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әлімбек Ағыбаев.
Айсұлу Баймағамбетова еңбек жолын ас үй қызметкері ретінде бастап, кейін жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап, аспаздық пен кондитерлік өнердің кәсіби маманы атанған. Ол студенттермен өзінің тәжірибесін бөлісіп, мамандықтың қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы айтып, жастарды қоғамдық тамақтану саласындағы мансапқа ұмтылуға ынталандырды.
– Бұл оқу орнының студенттері үнемі жоғары кәсібилік көрсетіп, беделді байқауларда жеңіске жетіп жүр. Бұрынғы түлектер өз салаларында білікті маманға айналып, бүгінде жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп жүр, - деп атап өтті шара қонақтары.
ҚХП Алматы облыстық филиалы Қарасай аудандық өкілдігімен бірлесіп С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіби-техникалық колледжінің студенттерімен пікірталас ұйымдастырды. Жиын барысында жұмысшы мамандықтардың маңызы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жастардың ел экономикасын дамытудағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, студенттер «Altyn Quldyz» кәсіпорнына барып, өндіріс орындарында білікті мамандардың қаншалықты сұранысқа ие екенін өз көздерімен көрді.
– Жұмысшы мамандықтар – еліміздің болашағы! Біз жастарды қолдауды және кәсіптік білім беруді насихаттауды жалғастырамыз, - дейді партиялықтар.
ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Sens fashion» ЖШС-нің басшылығы мен шеберлері И. Дәутов атындағы қызмет көрсету колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесті. Келесі күні студенттер кәсіпорынға экскурсияға барып, өндірістік процестермен танысты, цехтарды аралап, сұрақ-жауап ұйымдастырды. Нәтижесінде, өндірістік оқыту шеберлері студенттердің қалауына қарай оларды нақты цехтарға бөлді. Жоспар бойынша, 31 наурыздан бастап студенттер аталған кәсіпорында ақылы тәжірибеден өтеді.